Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада алаяқ 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылорда қаласында “пәтер алып беремін деп” тұрғынды алдап кеткен алаяқ сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғынына “жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін” деп, сеніміне кіріп, алаяқ 700 мың теңге ақшасын алдап иемденген.
Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 53 жастағы қала тұрғыны күдікті ретінде құрықталып, кінәсін толығымен мойындады.

Оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сараланып, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

19 қазан 2020 жылғы Қызылорда қаласының №2 сотының үкімі негізінде айыпталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру