Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған сөмке иесіне қайтарылды

Павлодарлық полицей ұрланған сөмкені 10 минутта иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Кешке мен жұмыстан қайтып келе жатқанда, белгісіз ер адам қолымнан ішінде ұялы телефон мен 10 000 теңгесі бар сөмкені жұлып алды. Сол кезде куәгерлердің бірі «102» пультіне қоңырау шалды. Оқиға орнына дереу келген Азамат Куркебаев күдікті қашып кеткен жаққа қарай бет алды. 10 минуттан кейін ол қаскүнемді ұстап, маған менің мүлкімді қайтарды. Азамат Куркебаевқа кәсіби шеберлігі үшін үлкен рахмет! – деді жәбірленуші Галина Чернобровкина.

Полиция қызметкері Азамат Маратжанұлы қаланы патрульдеу кезінде оған сөмкені ұрлау туралы қоңырау түскен.

– Оқиға орнына келіп, қорқып қалған әйелмен сөйлескеннен кейін мен қаскүнемнің сыртқы келбеті туралы ақпарат алдым. Бірден күдікті адам қашып кеткен жаққа қарай жүгірдім. Мен оның балабақша қоршауынан секіргенін байқап, оның артынан секірдім. Жерден мен ұрланған ұялы телефонды таптым, ол қашқыннан түсіп қалған болуы мүмкін, айналаға қарап, қаскүнем жасырынған бетон құрылымын көрдім. Оны сонда ұстадым, – деді Азамат Куркебаев.

Азамат Куркебаев ішкі істер органдарында 6 жылдан астам қызмет етеді. Бүгінде ол Екібастұз қалалық ПБ патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру