Түркістан облысында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жас мамандары кездесу өткізді
Түркістан облысында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жас мамандары теолог маманмен және ардагерлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нен келген нұсқау хатына сәйкес, жеке құрамға идеологиялық және тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жеке құрам арасында «Еліміздегі тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардан сақ бол!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, теолог маман Медет Халыков өз баяндамасын жасады. Сонымен қатар жұмысқа жаңадан орналасқан жас мамандарға ішкі істер органының ардагерлері «Моральдық рух-табыс кепілі» атты кездесу өткізді.
Ішкі істер саласында адал қызмет етіп зейнетке шыққан Есалы Нұржанов, Батырхан Сансызбаев мен Амантай Молдалиев шақыртылып, тәрбиелік мәні зор әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар ардагерлер жеке құрам қызметкерлеріне қиын да қауіпті сала болып саналатын органда қызмет етудің өз қиындығы мен қуанышын айта кетті. Қызмет барысында бастарынан өткерген қызықты оқиғалары, естеліктерімен бөлісті.
Одан бөлек, Түркістан қаласындағы қонақ үй өртке оранған сәтте қолдарынан келгенше әрекет етіп, адамдарды қауіпсіз аймаққа шығарған полицейлердің ерлігі айтылып, арнайы бейнефильм көрсетілді. Осылайша бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлер мен жас полицейлер арасында тәжірибе алмасу мен өмірлеріне азық болар кездесу ұйымдастырылды.