СҚО полиция басшысы ведомстволық медициналық қызметтің жұмысын тексерді
Ведомстводағы медициналық қызметтің жұмысы СҚО Полиция департаменті бастығының ұдайы бақылауында, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл коронавирусқа қатысты орын алған жағдайға байланысты қажет. Бүгін полиция бастығы ведомстволық емханасы бар госпитальдің жұмысына және персоналдың коронавирустық инфекцияға қарсы күреске дайындығына баға берді. Ең алдымен емханаға және госпитальдің терапиялық бөлімшесіне барды. Полиция ведомствосының басшысы қызметкерлерге толық медициналық көмек көрсетуге қажет дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті екеніне көз жеткізді. СҚО Полиция департаменті Медициналық бөлімінің басшысы Сергей Федоров сатып алынған төрт оттегі концентраторын, теріге тигізбей пайдаланылатын сегіз термометр мен пульксометрлерді көрсетті. Медициналық қызметкерлер үй-жайларды зарарсыздандырып, персоналды және емделушілерді термометриядан өткізеді.
Полиция бөліністерінің әкімшілік ғимараттарының бақылау пунктерінде жеке құрамның температурасы өлшенеді.
Марат Төлебаев ақ халаттыларды коронавирустық инфекция бойынша жағдайды бақылау, індеттің алдын алу бойынша алдағы жұмысқа бағдарлады.
Сондай-ақ, облыстың бас полицейі коронавирустық инфекцияға тестілеу жүргізілетін және биоматериал алынатын фильтрациялық орынға барды. Бұл жұмыс аса өзекті, өйткені полиция қызметкерлері кез-келген ауа райына қарамастан, блок-бекеттерде қызмет атқарады, қоғамдық тәртіпті сақтай отыра, көшелерді патрульдейді. Бұл COVID-19 жұқтыруға алып келеді. Пандемия басталғалы жеке құрамға 2736 ПТР-зерттеу жүргізілді.
– …Пандемияның алғашқы толқынында медициналық қызметкерлеріміздің жан-тәнімен беріле жұмыс істегенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта да полиция қызметкерлерімен қатар қызмет атқарып, сапалы медициналық көмек көрсетуде…, – деп алғысын білдірді СҚО Полиция департаментінің бастығы.