Бір тәулікте үш есірткі қылмысы анықталды
Маңғыстау облысында бір тәулікте үш есірткі қылмысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұнайлы ауданының полицейлері қимылы күдік тудырған Жаңаөзен қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамның қалтасынан марихуана табылған. Тәркіленген заттың салмағы 4 грамнан асты.
Мұнайлы ауданының полицейлері сол күні тағы бір азаматты ұстады. Одан героин алынды.
Осыған ұқсас дерек Бейнеу ауданының полиция бөлімінде тіркелген. Полиция қызметкерлері Бейнеу ауылының мас тұрғынын бөлімшеге жеткізіп, оның қалтасынан марихуана табылған.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев атап өткендей, есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.