Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігі жоқ азамат көлік басқарып жүрген

Павлодар облысында көлік басқару құқығын беретін куәлігі жоқ азамат блок- бекет арқылы өтпекші болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодарлық азамат Успенка ауданына қарай блок-бекет арқылы өтпекші болып, полицейлерге жақындағанда сақтандыруы жоқ екенін мойындаған. Бірақ тексеру барысында жүргізушінің көлікті басқаруға мүлдем құқығы жоқ екені анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері көлікті міндетті сақтандырусыз басқарған 1 411 жүргізушіні анықтады, тағы 4 746 жүргізуші көлікті құжатсыз айдаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру