Жөндеу жұмыстарын жасап бермек болған ер адам ақтөбелікті алдап кетті
Ақтөбелік полицейлер алаяқтықтың кезекті фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қараша күні кешкі сағат 19.00-де жарнаманы орналастыра отыра, 51 жастағы жергілікті тұрғын жөндеу жұмыстарын жасау сылтауымен Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғынының 220 мың теңге сомасындағы ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.
Зардап шегуші полицияға 19 қарашада өтініш жасап, күдікті ұсталды. Ол ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің бұрын бірнеше рет осындай қылмыстармен айналысқанын, соның нәтижесінде бес адам ақшасынан айырылғанын анықтады.
Алаяқтықтың жиілеп кетуіне байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:
– өзіңіздің банктік картаңыздың нөмірін және CVV-кодты, банктен ұялы телефонға келетін смс-кодтарды ешкімге айтпаңыз;
– жеке куәліктеріңіз бен банк карталарыңыздың, ЖСН және банктердегі шот нөмірлеріңіздің фотосуреттерін ешкімге жібермеңіз;
– «түрлі қызметтерді» ұсынатын күдікті жарнамалық сайттарға, «What’s App» мессенджеріндегі топтарға кірмеңіз;
Егер Сіз алаяқтыққа тап болсаңыз, «102» нөмірі бойынша дереу полицияға хабарласыңыз.
Полиция департаменті ақтөбеліктерді бейтаныс адамдарға сенбеуге және күмәнді қызметтер үшін оларға ақша аудармау керектігін ескертеді.Бүгінгі таңда әртүрлі жарнамалық сайттарда көптеген алаяқтар бар, олар халықты алдап, пәтерлерді жөндеу қызметтері туралы жалған ақпарат беріп, ақшаны иемденеді.