Полицейлер қан тапсырды
Атыраулық полицейлер балалар ауруханасына барып қан тапсырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанда "Донорлар күні" ресми түрде 14 маусымда өткізіледі, оған әдетте қан тапсыру бойынша көлемді іс-шаралар орайластырылады.
Алайда Атырау облысы Полиция департаментінің бөліністерінде донорлық қан тапсыру бойынша акциялар үнемі өткізіліп тұрады.
Мәселен, бір күн бұрын Атырау қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің 40-қа жуық қызметкері облыстық балалар ауруханасына барып, донорлық қан тапсырды.
Акция барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтті. Қан алу процедурасын облыстық қан орталығының мамандары жүргізді, барлық донорлардың денсаулық жағдайы алдын ала тексеруден өткізілді.
- Біздің қызметкерлеріміздің бастамасы стационарда емделіп жатқан кішкентай емделушілер үшін қажетті әрі дер кезінде көрсетілген көмек болады деп үміттенеміз, - деп атап өтті Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әділхан Байдосов.