Шетелдіктерді шақыру тәртібі түсіндірілді
Павлодар облысының полицейлері шетелдіктерді шақыру тәртібін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жеке тұлғалардың шетелдіктерді шақыруы тоқтатылды. Алайда Қазақстанға түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың және т. б. шетелдік мамандарды шақыруына жол беріледі.
Заңды тұлғалар шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасына шақыру рәсімін Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырады, – деді Көші – қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.
Полиция қызметкерлері шетелдік мамандарды тарту мәселесін шешу туралы өтінішпен шақырушы ұйымға заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша әкімдіктерге жүгіну керек деп түсіндірді.
Хатта жобаның сипаттамасы мен әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ шетелдік мамандардың келу күнін көрсету қажет.
Шақырушы тарап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық және карантиндік талаптарын сақтау, сондай-ақ санитариялық және карантиндік нормалар бұзылған кезде депортациялау болған жағдайда шығыс төлемдері бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.