Ардагерлер жас қызметкерлермен кездесті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында ішкі істер органдарының ардагерлері мен Ақтау қаласы Полиция басқармасы жас қызметкерлерінің дәстүрлі кездесуі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шарада Ақтау қалалық Полиция басқармасының бастығы Мадияр Омаров ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтады.
Кездесуге келген Ақтау қаласы ПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қонарбай Қилыбаев және кеңес ардагерлері Серік Мамашев, Алмат Самешов, Есенгелді Жолдасов, Самат Жумаганбетов өздерінің естеліктерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге әрдайым антқа адалдық, тәртіп пен еңбекқорлық қажет екенін атап өтті.
Шара барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Феномен Н.А.Назарбаева» атты хроникалық деректі фильм көрсетілді.
Қ.Сыдықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері көрме ұйымдастырды.