Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлері сақтық шаралары туралы ескертеді

Маңғыстау облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері қаладағы реттелмейтін және қауіпті жол учаскелеріндегі жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі қозғалысты реттеуді басты назарда ұстайды. Әсіресе күндізгі және түнгі уақыттарда, жолда кептеліс туындайтын уақыт аралықтарында адамдар көп жүретін жерлерде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, азаматтардың жол қозғалысы ережелерін толық сақтауын қадағалайды.

Облыс аумағында жыл басынан бастап жаяу жүргіншілердің қатысуымен 85 жол-көлік оқиғасы орын алған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 жол-көлік оқиғасына азайған.

Орын алған жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің жеке тәртіпсіздігінің салдарынан орын алады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер де белгіленген жерлерден өтпей, жол ережелерін бұзып жатады.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев жүргізушілерге көліктің жоғары қауіп көзі болып табылатынын және көлік құралын жүргізіп келе жатқан жүргізушінің қозғалыстың басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті сезіну керектігін еске салады.

  – Жүргізуші жолдағы жаяу жүргіншілердің жүріс-тұрысына аса мұқият болыңыз, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде, балалар мекемелеріне, қоғамдық көлік аялдамаларына жақын жүру кезінде жылдамдықты төмендетіңіз. Ал жаяу жүргіншілер міндетті түрде арнайы өткелден өту керек екенін есте ұстауы керек, жақындап келе жатқан көлік құралдарына дейінгі арақашықтықты, олардың жылдамдығын бағалап, өткелдің қауіпсіз болатынына көз жеткізе білуі керек”, – деп атап өтті Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру