Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мұражайда көрме ұйымдастырылды

30 қарашада Павлодар облысы Полиция департаментінің мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында Департамент бастығының орынбасары Жандос Орымбаев ішкі істер органдарының қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Жандос Болатұлы тәртіп сақшыларына Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті құрудағы және қоғамымыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі тарихи рөлін еске салды.

– Тұңғыш Президенттің есімі елдің қалыптасуы, дамуы және оның өркендеуі жолында қыруар еңбек еткен адам ретінде ел тарихына мәңгі жазылған. Сонымен қатар Елбасының көреген саясатының арқасында бүгінде еліміз алдыңғы қатарға шығып, халықаралық аренада мойындалды. Оның жетістіктері халық тарапынан үлкен құрмет пен сенім тудырады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы күн, – деді  Департамент бастығының орынбасары.

Сондай-ақ ол тәртіп сақшыларын Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын  бейнелейтін мазмұнды экспозициялармен таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.