Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Германия тұрғыны Ертіс өңірінің полицейлеріне алғысын білдірді

Германия Республикасының тұрғыны Светлана Бейтель Успен ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Ардақ Жапарханов пен Нығмат Қабиевке алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Германия Республикасының тұрғыны полиция қызметкерлеріне жедел әрекеттері мен кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді.

– Қиын жағдайда қол ұшын созған тәртіп сақшыларына үлкен рахмет айтқым келеді. 27 қарашада ағаммен бірге Павлодар облысының Успенка ауылында тұратын анамның үйінде жанжал болды. Басқа елде жүргендіктен полиция шақыртудан басқа амалым қалмады. Мен Ардақ Жапархановтың жеке телефонына қоңырау шалдым, ол серігімен бірге бірнеше минуттан кейін мен айтқан мекенжайға барып, жанжалды тоқтатты, – деді Светлана Бейтель.

Светлана Бейтельдің айтуынша, оның аталған қызметкерлерден көмек сұрауы бірінші рет емес және олар оған қажетті көмекті дереу әрі сапалы көрсетіп отырған.

– Ардақ Жапарханов пен Нығмат Қабиевке шын жүректен алғысымды білдіремін, оларға мықты денсаулық, отбасылық амандық, тыныш кезекшіліктер және еңбектеріне табыс тілеймін! – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру