Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық тәртіпті бұзған 93 адам анықталды

Түркістан облысында «Учаске» іс-шарасы барысында 63 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында 7 қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейін «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оған барлығы 940 полиция қызметкері және 97 мемлекеттік қызметкер мен қоғамдық бірлестік мүшелері жұмылдырылды. Іс-шара барысында пәтерлер мен тұрғын үйлерді аралау 97,3 пайызды құрап, барлығы 363 839 үй мен жеке пәтер тексерілді. Тексерілген жалға берілетін пәтерлер саны – 472, салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға беру фактілері – 368. Ұсталған тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдар – 34, (оның ішінде қабылдау-таратуға орналастырылғаны – 56).

Полиция органдарына жеткізілген кәмелетке толмағандар саны – 421 болса, қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкені үшін -14, ата-анасы немесе заңды өкілдерінсіз көңіл көтеру орындарында жүрген – 304, қаңғыбастыққа салынған – 10, бейімдеу орталығына орналастырғаны – алты, қоғамдық тәртіпті бұзған 93 адам анықталды.

Ал, жедел-профилактикалық шарада анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар саны – 63 403. Нақтарақ айтсақ, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабы (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша – 33, 204-бап (Рұқсат етілмеген жерде сауда жасау) бойынша – 1 902, 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша – 135, 434-2 бабы (Ортақ пайдаланатын жерлерді ластау) бойынша – 3 468, 461-бап (Қорғау нұсқамасын бұзу) – 40, 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 1 679, 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 2043, 493-баппен 13, 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуымен) бойынша 68 құқық бұзушылық анықталған.

Одан бөлек, ІІО-ның есебінде тұратын 10 101 иелері тексерілді. Қару бойынша анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы саны – 530, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен 335 жайт тіркеліп, 126 қару алынды. 486-бапқа сәйкес (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) 195 дерек анықталып, 16 қару алынды. Оған қоса іс-шара барысында тіркелмеген 51 атыс қаруы алынды. Оның 47-сі тегіс ұңғылы, үшеуі газды және біреуі жарақат салатын қару.

Атап өтер болсақ, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – учаскелік инспекторлар мен полицияның басқа да құрылымдарының қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, қылмыстардың жолын кесу және ашу, азаматтар арасында полицияның имиджін нығайту және халықпен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату бойынша жұмыстарды жандандыру.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да департамент басшылығының тұрақты назарына алынған, нәтижесі үнемі қадағалануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру