Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жауапсыз махаббат»: полиция Алматыда құтқару операциясының қалай өткенін баяндады

Алматыда құтқару операциясының қалай өткенін полицияда айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, дүкендер желісінің қызметкеріне жауапсыз ғашық болған 21 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Тағы да, қыздан жоқ деген жауап алған жігіт өзінің ғашығы жұмыс істейтін ғимараттың төбесіне шықты.

– Кешке шамамен сегіз сағат қырық минутта ер адам шатырдан секірмек болды деген қоңырау келді. Оқиға орнына келіп, біз ақпараттың расталғанына көз жеткіздік. Түріне қарасаң ер адам, 20-25 жаста. Көп адамдар жиналды. Сондықтан, біз еш ойланбастан батыл әрекет етуге бел будық: екі жақтан төбеге көтерілу үшін бөліндік, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің инспекторы Абылайхан Оқас. – Менің әріптестерім баспалдақпен кетті, мен жарнама тақтасы арқылы көтеріле бастадым. Секірмек болған адам менен алыс емес еді, – деді патрульдік полицей Әділбек Өтеұлы. – Осы уақытта мен баспалдаққа жүгіріп барып, жоғарыға көтерілдім. Алдымен мен ер адамның назарын аудартып, ойланбаған әрекетті жасамауын өтіне бастадым. Бірақ мен жақындаған сайын жігіт одан әрі секіруге әрекет жасай бастады. Сол сәтте шығыс жақтан келген әріптесім оны ұстап алып, шатырға қайта тартты, – деді Алматы қалалық ПД ППП қызметкері Ақберген Төлегенов. – Біз бұл адамды аман-есен жерге түсірдік. Әрине, оның мұндай әрекетке не үшін барғанын біле бастадық. Белгілі болғандай, жігіт ғашық болған, бірақ қыз одан бас тартқан. Ол тергеу үшін біздің бөлімге жеткізілді, – деп түйіндеді Жетісу аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ерасыл Нұрлыбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру