Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екінші рет мас халде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылуда

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ ЖПҚ Патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді.

Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер сағат түнгі 00:50 шамасында аудан көшелерін патрульдеп келе жатып, Ресей нөмірлі «Ваз» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас екені анықталған. Сонымен қатар мас халдегі құқық бұзушы бұдан алдын 2018 жылы спирттік ішімдік ішіп, руль тізгіндегені үшін автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Соған қарамастан жол ережесін бұзған жүргізуші заңсыз әрекетін қайталап, екінші рет мас халде көлік басқарған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тіркелді. Көлігі айыптұраққа қойылды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге абай болу және жол ережесін бұзбау қажеттігін ескертеді. Жылдамдықты асырмаңыз, қарсы жолға шықпаңыз, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз және ең бастысы мас күйде рульге отырмаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру