Тыйым салынған заттарды тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды
4 желтоқсан күні Атыраудағы тергеу изоляторында ұсталатын азаматқа сәлемдеме ретінде йогурттың ішіне белгісіз шөп пен ақ дәрі салып бермек болған 25 жастағы азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Заңсыз сәлемдеме ұрлық жасағаны үшін уақытша қамауға алынған азаматқа арналған. Мекемеге Атырау облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, "курьер" ұсталды. Сәлемдеме сараптамаға жөнелтілетін болады, - деді УГ-157/1 мекемесінің күзет және режим бөлімі бастығының орынбасары Айдар Аққажиев.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде заңсыз сәлемдемелердің жолын кесуге арналған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.