Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталған азаматшаның қызын қуантуға көмектесті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 (әйелдер колониясы) мекемесінің қызметкерлері «Жусан» операциясы барысында елге оралған азаматшаның 3 жастағы қызын туған күнімен құттықтауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Азаматша қызын туған күнімен бейнебайланыс арқылы құттықтады. Бүлдіршін анасынан туған күніне қысқы киім мен түрлі тәттілер сыйлауын сұрады. Осыдан кейін мекеме қызметкерлері «Шапағат» қоғамдық қорының теологтарымен бірлесіп, сотталған әйелдің қызына сыйлықтар сатып алып, анасының атынан үйіне апарып берді,- дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

Бүлдіршінге әсерлі құттықтау ұйымдастырған мекеме қызметкерлеріне сотталған азаматшаның туыстары ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру