Ұрлық жасады деген күдікпен 59 жастағы жамбылдық ұсталды
Тараз қ. ПБ полиция қызметкерлері бұрын жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ағымдағы жылдың қазан айында орын алған ұрлықты жасады деген күдікпен облыс орталығының 59 жастағы тұрғынын ұстады.
Мәселен, 2020 жылдың қазан айында полицияға облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны белгісіз адамдар есіктің құлпын бұзып, ақша мен бейнебақылау камерасының тюнерін жасырын ұрлап кеткенін айтқан.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.