Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған ұялы телефон иесіне қайтарылды

Жамбыл облысының полицейлері телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліміне Тараз қаласының 56 жастағы тұрғыны ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған. Әйел адам кафенің үстеліне ұялы телефонын қойып, бір сәтке сыртқа шығып кеткенін, қайтып оралғанда затының жоғалғанын көреді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру