Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері қоғаммен, БАҚ-пен тиімді коммуникация дағдыларын зерделеді

Ақтөбе полицейлері қоғаммен, БАҚ-пен тиімді коммуникация дағдыларын зерделеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күнделікті қызметтік міндеттерін орындай отырып, полиция қызметкерлері әртүрлі лауазымды тұлғалармен, түрлі дәрежедегі басшылармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, қоғам белсенділерімен жолығысады. Сондықтан полицейлер халықпен тиімді қарым-қатынас жасаудың үлгілерін үнемі жетілдіріп отырады.

Осы бағытта 3 мамырда белгілі журналист, медиатренер Салтанат Оңғар ақтөбелік полицейлерге, оның ішінде патрульдік полиция, учаскелік полиция инспекторларына халықпен, оның ішінде блогерлермен, журналистермен, қоғам белсенділерімен қарым-қатынас кезіндегі коммуникация дағдылары бойынша семинар өткізді.

Семинар еркін пікір алмасу форматында өтіп, оның барысында журналист тәртіп сақшыларына қызмет барысында халыққа ақпаратты тиімді және дұрыс жеткізу, тиімді кері байланысты қалыптастыру тәсілдерін, қызметтік құпияны сақтай отырып, белгілі бір жайттар мен оқиғаларға қызығушылық танытқан азаматтарға, журналистер мен блогерлерге ақпаратты қалай дұрыс жеткізу керектігін айтып, оқиға орындарынан БАҚ-қа сұхбат берудің қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жүрген сыни бейнероликтер көрсетіле отырып, кемшіліктер мен олқылықтар талқыланды.

Полиция қызметкерлері аса белсенділік танытып, өздерінің қызмет барысында БАҚ өкілдерімен кездесетін келелі мәселелер, фото-бейнетүсірілімдерге, арандатушылық сұрақтарға қатысты күрделі мәселелерді спикермен бірге талқылады. Өзекті әрі мазмұнды кездесу соңында тәртіп сақшылары журналистке тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құнды ақпараты үшін алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру