Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері 42 келі есірткінің таралуына жол бермеді

Жамбыл облысының полициясы Тараз қаласының аумағында есірткі заттарын өткізетін арнаны жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тыйым салынған заттардың аса ірі көлемі 58 жастағы әйелден тәркіленді. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде жуынатын бөлме мен жатын бөлмеден, жертөледен, сондай-ақ көлігінен есірткі орамалары табылды.

Барлығы 19 келі 335 гр гашиш және 22 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

– ⁠Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел есірткіні туған ауылы – Меркі ауданынан әкелген. Ол өзімен бірге тұратын туыстарын да есірткіге тәуелді еткісі келгенін мойындады, – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру