Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында масаң күйде көлік басқарған 18 жүргізуші анықталды

Қызылорда облысында масаң күйде көлік басқарған 18 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің және Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес сәуір айының 26-28 аралығында облыс көлемінде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – әкімшілік аймақты аралау, есепте тұрған адамдарды тексеру, темекі өнімдерін заңсыз сату, белгіленген уақытта алкоголь өнімін сату бойынша дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу, уақытша тіркеуде тұрған шетел азаматтарын тексеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шараның 3 күнінде 845 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келудің 102 дерегі, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарудың 18 дерегі, ұсақ бұзақылық 77 дерегі, түнгі мезгілде заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 103 кәмелетке толмаған анықталды. 487 тұрғын үй және жалға берілетін 187 пәтер тексерілді.

Іс-шара криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру