Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Жамбыл облысында полицейлер бес тәулікте 5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының 5 күнінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 5 қылмыскерді, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 6 адамды және 8 заңсыз иммигрантты ұстады, сондай-ақ кезекші тәулікте 36 қылмыс ашылды.

Полиция қызметкерлерімен барлығы 4965 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде тіркеусіз немесе құжатсыз тұру жағдайының – 1041 дерегі, 307 – ұсақ бұзақылық дерегі, 303 адам алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде болғаны, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 146 бұзақы жауапқа тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған 496 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.

Рейдтік іс-шара барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірнеше дерегін анықтады. Атап айтсақ, 19 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, 8 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ 571 жүргізушіге қатысты белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, 1637 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды. Айып тұраққа 167 көлік құралы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру