Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Студенттер Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты

Студенттер Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатында мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен осы жылдың 26-сәуірінде Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесіне Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан Университетінің “Құқық қорғау”
мамандығының студенттері мен кураторлары шақырылды.

Болашақ маман иелерімен №20 мекеме бастығы А. Мухаметжанов өзінің жиырма екі жылдық еңбек жолындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, Ішкі істер органдарында қызмет етудің мүмкіндіктері туралы студенттерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Университет қабырғасында алған теориялық білімін ары қарай іс-тәжірибеде кеңінен таныту мақсатында студенттер мекеменің ішкі аймағына саяхат жасады.

Мекеме қызметкерлері аға жедел уәкіл Д. Досалинов және жасақ бастығы Ж. Жангалиев студенттерге қазіргі уақытта мекемедегі көптеген сотталғандар бұрын есірткі заттарын таратқандары үшін жазасын өтеп жатқандықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру