Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды

Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы аумағында тұратын шетелдіктерге тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында бөлімше қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тіркелген мекенжайлары, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың шетелден келген қонақтары туралы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Курчатов қаласы аумағында заңсыз жүрген Тәжікстан Республикасының екі азаматы анықталды. Белгілі болғандай, шетелдіктер 2023 жылдың тамыз айында келген және олардың болу мерзімі аяқталған соң, Қазақстан Республикасының аумағынан кетуден жалтарған.

Қазіргі уақытта бұл заң бұзушылық үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен мемлекет аумағынан шығарылды. Енді құқық бұзушылар бес жылдан кейін ғана Қазақстанға орала алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру