Ғарыш аймағынан мыс өнімдерін ұрлаған екеу ұсталды
Қызылорда облысында мыс өнімдерін ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 желтоқсанда полицияға Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің ұрланғандығы жөнінде арыз түсті.
Дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кіріскен полицейлер осы ұрлықты жасауға күдікті ретінде Байқоңыр қаласының екі тұрғынын ұстады.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Полицейлер күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.