Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оңай олжаға құныққан азамат құрылыс алаңына бірнеше рет ұрлыққа түскен

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында салынып жатқан аурухананың құрылыс алаңынан бірнеше рет ұрлық жасаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 3 желтоқсан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне Жалағаш ауданында салынып жатқан аурухананың құрылыс алаңынан белгісіз біреудің “Redford” маркалы аккумуляторды  жасырын ұрлап кеткені туралы ЖШС басшылығы  арызданған.

Аудандық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 24 жастағы кент тұрғыны анықталып, ұсталды. Аккумулятор заттай айғақ ретінде алынды.

Сонымен қатар тексеру барысында күдіктінің маусым айында жоғарыда аталған құрылыс алаңынан екі рет жеті дана жылу батареясын жасырын ұрлап кеткендігі анықталды.

Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ұрлаған заттарды сатып жібергенін көрсетті. Қазіргі таңда сатылған батареялар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1,3-бөліктерімен (Ұрлық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру