Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тоғайда ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері тоғайда ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, тоғай ішінде отын жинап жүрген сәтінде белгісіз адам “Samsung Galaxy” маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Оған келтірілген жалпы шығын көлемі 150 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдікті азамат анықталды. Ол жәбірленуші азаматтың көршісі болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай жәбірленуші азамат тоғай ішінде отын жинап жүрген. Арба үстіндегі жиналған отындардың үстіне ұялы телефонын қойып, жақын маңдағы отындарды жинауға кеткен. Сол сәтті пайдаланып тауда мал бағып жүрген атты адам өзі пайдалану мақсатында айналада өзге ешкімнің жоқтығына көз жеткізіп, ұялы телефонды жымқырған. Содан соң оқиға орнынан бой тасалап, кетіп қалған.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер сіз тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру