ҚАЖД бастығы мерекемен құттықтады
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлер қауымы, сондай-ақ “Қарекет” қоғамдық қорының өкілі марапатталды.
– Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күні – ерекше мереке. Бұл мереке – ата-бабымыздың ғасырлар бойғы арманының көрінісі, – деді Департамент бастығы Манарбек Габдуллин.
Іс-шара соңында Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген спорттық жарыстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.