"Самара-Шымкент" тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды
Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында "Самара-Шымкент" тас жолының 624 км-де кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Самара-Шымкент" тасжолында "Ваз-21144" көлігінің 29 жастағв көлік жүргізушісі ауа райының жағдайын ескермей, тайғақ жолда "Ваз-21144" көлік құралы сырғанап кетіп, 54 жастағы Алға ауданының көлік жүргізушісі "Toyota Prado" көлігіне соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Ваз-21144" көлігінің жүргізушісі және екі кәмелетке толмаған Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді.
"Ваз-21144" көлігінің екі жолаушысы 54 жастағы әйел және бір жасар немересі жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды.
"Toyota Prado" көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Олар алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша (ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін) сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір тәулікте облыс аумағында төрт ЖКО орын алды, онда екі адам қаза болып, тоғыз адам жарақаттанды.
Полиция департаменті ескертеді: жолға шығарда қысқы дөңгелекпен қамданып және көліктің техникалық жағдайын тексеріп шығу, сонымен қатар жылдамдықты сақтау қажет. Сонымен қатар, ауа райының жағдайына қарай жол қозғалыс ережесін сақтауды қатаң ескертеді.