Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан мас жүргізушілердің кінәсінен 6 адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан мас жүргізушілердің кінәсінен алты адам қаза тауып, 32-сі жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тимирязев аудан орталығындағы көшелердің бірінен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері гараждан шығаруға болмайтын “ВАЗ 2106” автомашинасын байқайды. Оның иесі екі ай бұрын ғана жеті жылға басқару құқығынан айырылған. Себебі – масаң күйінде көлік жүргізген. Полицейлер көлікті тоқтатты. Рөлде бұрын басқару құқығынан айырылған 38 жастағы ауылдық болған. Ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыру масаңдықтың орташа деңгейін анықтады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автомобиль алынды.

– Ұсталған адамның сөзінше, көлігін сату ойымен оның жағдайын тексермек болған, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах. – Масаң күйде көлік басқаруға жол бермеу қажет екендігін естен шығармаған жөн, өткен 11 айдың ішінде мас жүргізушілер 25 жол-көлік оқиғасына кінәлі болып, салдарынан алты адам қаза тақан және 32-сі жарақат алған. Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, әсіресе, біле тұра, құқық бұзушылыққа қайта барған автомобилистерге қатысты заңнамамен, қатаң шаралар қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру