Психологиялық тренинг өткізілді
Атыраудағы тергеу изоляторында психологиялық тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында сергітуге арналған психологиялық тренинг өткізілді.
Тәрбиелік шараға қатысушылардың барлығы белсене араласып, көзқарастарымен ашық бөлісті.
Мәселен, ҚР ҚК 188-бабымен сотталған азамат келесі жылы Тәуелсіздік күнін отбасымен қарсы алатындығын айтса, ҚР 297-бабымен үш жылға бос бостандығынан айырылған азамат жеке кәсіппен айналысқысы келетінін айтты.
– Азаматтар тренингке қатысу арқылы позитивті ойлауды, өз-өздерін жоғары бағалауды, қарым-қатынастарын жақсартуды үйрене алады. Шарамыздың негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтарға береке-бірліктің арқасында көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызды түсіндіру, – деді тергеу изоляторының инспектор – психологы Шынаргул Ыстыбайқызы.
Сотталғандардың сұрауы бойынша осындай психологиялық тренингтер жиі өткізіліп тұратын болады.