СҚО полицейлері бірнеше рет ұрлық жасаған мал ұрыларын ұстады
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері полицейлері бірнеше рет ұрлық жасаған мал ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айында Айыртау ауданының тұрғындарынан мал ұрлау фактісі бойынша екі арыз келіп түскен. Ол кезде Гусаковка ауылында аудандық ЖШС тиесілі екі жылқы жоғалған. Сол күні түнде Имантау ауылы тұрғынының құлынды биесі қолды болған. Қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмады. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді іздеу жұмысын жалғастырды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Ақмола облысының 33, 34 пен 43 жастағы үш тұрғыны анықталды. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда, тағы біреуіне қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу барысында өткен жылғы мал ұрлығы фактісіне қатысы бары анықталды, сол уақытта Гусаковка ауылында тағы бір тұрғынының жылқысы жоғалған еді.
– Күдіктілердің айтуынша, олар кездейсоқ куәгерлердің көзіне түспес үшін жылқыларды түнде айдап отырған, жануарларды сойған және етін Ақмола облысына тапсырған, – дейді Айыртау АПБ бастығының орынбасары Григорий Лукьяненко. — Бұл үшеуі де бұрын мал ұрлығы бойынша жазаларын өтеген. Ұрлықтың бәрі еркін жайылымда жасалғанын айта кеткен жөн. Күні бүгінге дейін кейбір ауыл тұрғындары жылқы ауылдың шетіне байлап қойған жеткілікті және оның қауіпсіздігіне алаңдамауға болады деп ойлайды. Орын алған жағдайлар: қараусыз жүрген жануарлар қаскөйлердің олжасына айналатынын дәлелдейді. Ауданның барлық тұрғынын малды ұйымдасқан түрде бағуға көшуге шақырамыз.