Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын әшкереледі

Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласында “гашиш” есірткісін сатумен және таратумен айналысқан жеті адамнан тұратын топ ұсталды.

– Біздің бөлімнің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімімен тіркелген қылмыстық іс шеңберінде А.азаматтың Алматы қаласының аумағында бола тұра, есірткі заттарды заңсыз сақтау және сату мақсатында 2018 жылдың қарашасынан 2020 жылдың ақпанына дейін ұйымдасқан топ құрып, оған жетекшілік етті. Аталған факт бойынша қылмыстық ұйымның ұйымдасқан тобын құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу, қылмыстық істері ҚР ҚҚ-нің 262 бабының 1 және 2 бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталғандардан бір травматикалық тапанша, бір тегіс ұңғылы мылтық, жалпы салмағы 4 кг 868,38гр болатын “гашиш” есірткі заты тәркіленді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Ұсталған адамдарға қатысты мына баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды: ҚР ҚК-нің 262-бабы, 1.2-бөлігі (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ұйымдастыру) – екі қылмыстық іс;
ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-3-бөлігі (Есірткі сату) – 22 қылмыстық іс;
ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткіні аса ірі көлемде сақтау) – екі қылмыстық іс;
ҚР ҚК-нің 287-бабы, 2-бөлігі (Атыс қаруын заңсыз сақтау) – екі қылмыстық іс;
ҚР ҚК-нің 302-бабы 2-бөлігі (Есірткі жасайтын жерді ұстау) – бір қылмыстық іс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру