Балалардың армандары жүзеге асырылды
Қостанай полицейлері Облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық армандарын жүзеге асырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілері осы мереке қарсаңында Аяз атадан сыйлықтар алды, ал олардың үміт пен сенімге толы хаттары тиісті азаматтардың қолына жетті. Аяз атаның міндетін бұл жолы Қостанай облысы ПД қызметкерлері өз мойындарына алды.
– Полиция қызметкерлері сыйлықтар сатып алуға ерекше көңіл бөліп, алынған хаттарды тегіс қарап шықты. Әрбір балаға тосынсый жасауға тырысты. Мереке балалардың барлық армандары орындалатын сәт болуы тиіс, – деп атап өтті облыстық ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тілектері әртүрлі. Мысалы, 12 жастағы Максим Аяз атаға жазған хатында жұмсақ ит ойыншығын сұрады. Бала бақыты үшін көп нәрсе қажет емес. Максимнің Жаңа жылдың сиқырына деген сенімін жоғалтпау үшін полиция қызметкерлері оның тілектерін орындап, қалағанының бәрін сатып алды.
Аяз атаға жазылған хаттардың арасында жаңа жылдық шыршаның астынан көптеген тәттілер тапқысы келген тәрбиеленуші Марияның мерекемен құттықтауы да болды. Қыздың тілегі орындалды, тәртіп сақшылары кішкентай Машаның арманын жүзеге асырды.
Полицейлерді үлкен үмітпен және ертегіге сеніммен жазылған балалардың хаттарының шынайылығы таң қалдырды.
Оқушылар Аяз атаға денсаулық пен бақыт тілеп, жақсы оқуға уәде берді.
Естеріңізге сала кетейік, Полиция департаменті 20 жылдан астам уақыт бойы Облыстық балалар үйіне қамқорлық жасап, балаларға қолдау көрсетіп келеді.