Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күзет қызметкерлері төрт ұрыны ұстады

Рудный және Жітіқара қалаларында жеке күзет фирмасының қызметкерлері металл ұрлаған төрт күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 15 желтоқсанда Рудный қаласында күзет ұйымының қызметкерлері таңертең қала кәсіпорындарының бірінің аумағын аралау кезінде белгісіз біреулердің қосалқы станциядан салмағы 50 келіден асатын металды ұрлап әкеткенін анықтаған.

Екі мобильді топ ізін суытпай іздестіру шараларына кіріскен. Кәсіпорынға жақын маңда орналасқан металл қабылдау пунктінде күзет қызметкерлері ұрланған заттарды сатуға тырысқан екі адамды байқады. Күдіктілер ұсталды. Олар Рудный қаласының 33 және 41 жастағы тұрғындары болып шықты.

Тағы бір факт Жітіқара қаласында тіркелді. Күзетшілер қылмыс орнында металл ұрлаушыларды ұстады. Ер адам мен әйел кісі 100 келіге жуық темірді ұрлауға тырысқан.

21 желтоқсанда ЖШС-нің бірінің күзет қызметкері бейнебақылау камераларын қарап отырып, белгісіз ер адамның қара металл сынықтарын қоршау арқылы лақтырып жатқанын байқаған. Бұл туралы куәгер аумақта кезекшілік ететін жаяу патрульге хабарлаған. Оқиға орнына бірінші болып жеткен күзетші Сергей Дюсебаев күдіктіні ұстады. Күдіктінің серіктесін қарауыл бастығы Ангела Никоненко ұстаған.

Қостанай облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің хабарлауынша,  жыл басынан бері күзет құрылымдары “ізін суытпай” 11 қылмыс ашқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру