Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер желікпе мотоцикл жүргізушісін ұстады

Қостанайда полицейлер желікпе мотоцикл жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдамдықты асырған мотоцикл жүргізушісін тоқтату үшін бірнеше патрульдік наряд жұмылдырылды. 17 жастағы жүргізуші орталық көпірде ұсталды.

Қостанай облысы полиция департаменті болған оқиғаның мән-жайын баяндап берді. 19 сәуірде патрульдік полиция түн ортасында қаладағы орталық әмбебап дүкен маңында қатты дыбыстар шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған мотоцикл жүргізушісін байқайды. Полицейлердің ескертулерінен кейін ол тұрған жерінен қашып, әкімдік алаңы мен қала орталығына бағыт алған.

Бұл жерлерде көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынған болатын. Полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы талаптарын орындамау фактісін сот қарайтын болды. Сонымен қатар кәмелетке толмағанның ата-анасы сағат 23:00-ден кейін оның үйден тыс жерде болғаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру