Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері көші-қон заңнамасын бұзудың 365 фактісін анықтады

Жетісу полицейлері 5 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 365 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір полицейлерінің бастамашылығымен өткізіліп жатқан “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында көші-қон заңнамасы саласында 365 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков мәлімдеді.

– Іс-шараның 5 күнінде көші-қон заңнамасының 365 бұзушылығы анықталды, оның 238-і шетелдіктер, 127 бұзушылығына ҚР азаматтары жол берген, 17 азамат шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін жазаланды. Сот қаулысымен қасақана бұзушылықтар жасағаны үшін 2 шетелдік елден шығарылды. Қабылдау-тарату орындарына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 17 адам қамауға алынды, – деді Е.Райымбеков.

Тәжірибе көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында біздің еліміздің аумағына кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, сондықтан көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салғым келеді.

– Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келуі туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасына көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының” 9-тармағына сәйкес, шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және иммигранттың болуы туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға 518-бап бойынша, ал заңды бұзған шетелдіктер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей “e-Qonaq” электрондық визалық көші-қон порталы арқылы хабарлай алады, – деп толықтырды Е. Райымбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру