Пәтерде тіркеусіз тұратын жас отбасы анықталды
Арыс қаласында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы бойынша тәулік ішінде 62 хаттама түзілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы тұста Арыс АПБ-нің ЖПҚБ қызметкерлерімен бір тәулікте жалпы 62 хаттама түзілген. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша бір жайт, 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) сегіз дерек, 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) төрт жайт, 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша бір дерек, 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша бір жайт, 127-бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау) бойынша бір дерек, 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша үш жайт, 492-бабы (Азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзу) бойынша 18 дерек, 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша тоғыз жайт, 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша екі дерек тіркелсе, 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 13 жайт анықталған.
Мысалы, Арыс қаласының пәтерлерінің бірінде бір айдан астам тіркеусіз тұрған жас отбасы анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері құқықтық тәртіпті сақтап, заң аясында ғана әрекет етуге шақырады. Жол ережесін сақтаңыздар.