Қылмыс деңгейі төмендеді
Атырау облысында қылмыс деңгейі төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында жүргізілген жедел және профилактикалық шаралар нәтижесінде жалпы қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 5 797-ден 3 985-ке, оның ішінде қылмыс – 33,6% азайды. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев мәлімдеді, сондай-ақ ол орта дәрежелі қылмыстардың 4 384-тен 2 203- ке дейін азайғанын атап өтті.
Өңірдің бас полицейдің айтуынша, қылмыстардың басым бөлігін ұрлықтар (34,8%) және алаяқтықтар (27,3%) құрайды.