СҚО-да 500-ден астам полицей Жаңа жыл мерекесі күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
СҚО-да 500-ден астам полицей Жаңа жыл мерекесі күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарда жүргізушілерге көмек көрсету – барлық мерекелік күндері солтүстікқазақстандық полицейлер күшейтілген түрде қызмет атқарады. Күн сайын облыста 500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылады.
Негізгі жүктеме қалалық тәртіп сақшыларына тимек. 31 желтоқсан сағат 8.00-ден 1 қаңтар сағат 8.00-ге дейін Петропавл жолдарында 31 автопатруль тәртіпті қадағалайды. Сондай-ақ, қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері стационарлық модульдерде кезекшілік атқарады. Көшелердегі құқықтық тәртіп жаяу жасақтар құрамындағы 170-тен астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің бақылауында болады. 37 қызметкер жаңа жылды қаладағы алаңдарда мерекені шырша жанында қарсы алуға келген адамдардың қауіпсіздігін сақтауда жүріп ашық аспан астында қарсы алмақ (басты алаң мен орталық алаң, «Береке» шағын ауданындағы алаң). Жалпы, жаңа жыл түнінде Петропавлдағы құқықтық тәртіпке 210 адам жауап береді: 135 полицей мен 75 әскери қызметші.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, басты міндет – мереке күндері облыстың барлық тұрғындарының Жаңа жыл мейрамын тыныш қарсы алуын қамтамасыз ету. Синоптиктердің болжамы бойынша СҚО-да жаңа жылдық мереке күндері аязды болмақ. Сондықтан полицейлер мен құтқарушылар байланыс құрылғылары мен жүргізушіге аса қажет заттарсыз, құралдарсыз аязда алыс сапарға шықпауға кеңес береді.