Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктің тіркеу нөмірін медициналық бетпердемен бүркемелеп, айдап жүрген жасөспірім анықталды

Атырауда автокөліктің мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен бүркемелеп, айдап жүрген 16 жастағы жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қаңтар күні түнде патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский-Луговой көшелерінің қиылысында мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жауып қойған “Тойота Камри» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру кезінде аталған автокөлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігімен (Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұдан басқа жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру