Алимент төлеуден жалтарған 106 адамның жүрген жері анықталды
Қызылордалық полицейлер 2020 жылы алимент төлеуден жалтарған 106 адамның жүрген жерлерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Борышкерлерді, алимент төлеуден жалтарғандарды және туыстық байланыстарын жоғалтқандарды анықтау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі бөліністері 2020 жылы бірқатар жұмыстар атқарды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 12 айында Қызылорда облысының ПД көші-қон қызметі бөліністері алимент төлеуден жалтарған 126 тұлғаға іздеу жариялап, олардың 106-сының жүрген жерлері анықталып, іздестіру істері тоқтатылды.
Ал мемлекетке борышкер 33 тұлғаға іздеу жарияланса, оның 30-ының мекенжайы анықталды.
Мәселен, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімі 2017 жылы іздеу жарияланған екі тұлғаның, 2018 жылы іздеу жарияланған төрт тұлғаның жүрген жерін анықтады.
2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда қаласының ПБ көші-қон қызметі бөлімі іздеу жариялаған бір азамат Алматы қаласынан, бір азамат Нұр-Сұлтан қаласынан анықталды.