Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азамат пробация инспекторына алғысын білдірді

Атырауда сотталған азамат пробация инспекторына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметінің инспекторлары сотталған азаматтарға әлеуметтік көмек түрлерін тұрақты түрде көрсетіп келеді.

Мәселен, өткен жылы Атырау қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) үш жылға бас бостандығын шектеуге сотталған азаматтың жеке куәлігінің мерзімі өтіп, құжатсыз жүріп қалған. Мұны анықтаған пробация қызметінің инспекторы сотталған азаматтың үйіне барып, оны Халыққа қызмет көрсету орталығына онлайн-кезекке қойып, жеке куәлігін алуға өтініш берді. Тіпті жеке куәлікті алуға төленетін мемлекеттік баж салығын да пробация инспекторы өтеп берген.

– Барлық сотталған азаматтар біздің жіті бақылауымызда. Сол себепті оларға барлық көмек түрлері көрсетілетін болады,- деді пробация қызметінің инспекторы Жарқынай Қанатова.

Сотталған азамат Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен пробация қызметінің инспекторына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру