Ақмолалық полицейлер жоғалған 80 бас жылқыны тапты
Ақмолалық полицейлер жоғалған 80 бас жылқыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Зеренді АПБ кезекші бөліміне Баратай ауылының 56 жастағы тұрғынынан шамамен 10 күн бұрын Баратай ауылының маңында еркін жайылымнан 80 жылқы жоғалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі 2-бөлігінде көзделген (Мал ұрлығы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жеті іздеу тобын құрды: бір топ СҚО Айыртау ауданына, екінші топ СҚО Тайынша ауданына, үшінші және төртінші топ жақын маңдағы елді мекендерге жіберілді: Уголки, Бектесін, Ақан, Жылымды, Жолдыбай, Бұлақ, Симферополь, Еленовка, Қарағай, Қызылегіс екі жылқы табынының бірігу фактісін болдырмау мақсатында табындарды тексеру үшін; бесінші топ Баратай ауылының айналасындағы орман алқабында жылқыларды іздеуге бағытталған. Қармен жүру техникасында екі топ қардан баруы қиын жерлерге бет алды. Іздестіруге бес салт атты, жергілікті азаматтар қатарынан 15 азамат өз автомобильдерінде тартылды, олардың жергілікті жердің қарлы аумақтарына бару көзделген.
Іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері және Зеренді ауданының ПБ учаскелік инспекторлары Баратай ауылынан 25 шақырым қашықтықта орман алқабында жоғалып кеткен жылқы табынын тапты.
Осындай фактілердің қайталануына жол бермеу мақсатында малды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Жоғалған жағдайда материалдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «жергілікті атқарушы орган-иесі-табыншы» арасында үш жақты шарт жасасуды сұраймыз. Қолда бар малды АЖБС (Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы) базасына енгізу қажет және жануарлардың паспорттары болуы тиіс.