Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері суықта автокөлігі сынған отбасыға көмектесті

Ақмола полицейлері суықта автокөлігі сынған отбасыға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Instagram” әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы өзінің парақшасында полиция қызметкерлеріне алғыс білдіретін видео жариялады.

Көкшетау қаласының тұрғынының пікірінше, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Асхат Шайкенов пен полиция аға сержанты Бахтияр Тұрғынов ерекше алғыс айтуға лайық.

Алена Петрованың айтуынша, олар отбасымен бірге Бурабай курорттық аймағынан қайтып келе жатқанда, жолда көліктері сынып қалған.

– …Біз қатты суықта болдық, 35 градустан жоғары аяз болды. Алайда, полиция қызметкерлері бірден көмекке келіп, бізді қызметтік көлікке отырғызып, жылытты.

Анықталғандай, ағымдағы жылдың 2 қаңтарында сағат 18:30-да полиция экипажының қызметкерлері “Нұр-Сұлтан-Петропавл” автожолының 284 шақырымындағы жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде, жол жиегінде тұрған авариялық дабылы қосылған автокөлікті байқаған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері машинаға келе жатып, автокөліктің дизель отынымен және суықтан жанармайдың қатып қалғанын анықтады. Салонда жүргізушіден басқа оның отбасы: екі баласы және жұбайы болған.

– …Қызметкерлер, Сіздерге біздің отбасымыздан жұмыстарыңыз үшін, іс-әрекеттеріңіздің үйлесімдігі және сіздердің жауапкершіліктеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Мұндай адамдардың біздің полицияда жұмыс істейтіні өте қуаныштымыз, – деп атап өтті Алена Петрова. Ол сондай – ақ, – Қаламыздың, облысымыздың барлық тұрғындарына жаңа жылмен құттықтағым келеді. Мүмкіндігінше, осындай қатты аязда үйде болыңыздар. Себебі мұндай аязда жолда қалу өте қорқынышты. Машина бірден суып кетеді. Өзіңізді қорғаңыз, жақындарыңызды қорғаңыз. Мүмкіндігінше үйде болыңыз.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері аязды күндері күшейтілген режимде қызмет атқаратынын атап өттеді. Ия, және қызмет көрсету кезінде мұндай сәттер жиі кездеседі.

– …Қыста біз қар құрсауына түскен жүргізушілерге көмектесеміз, проблемаларды бірге шешеміз,- деп түйіндеді полицей.


Әлеуметтік желілерде тәртіп сақшыларының игі істерін атап өтіп, оларға немқұрайлы қарамағандары үшін алғыс білдіретін облыс тұрғындарының посттары жиі пайда болып жатқаны қуантады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру