Сарыағаштық полицейлер 71 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Полицейлер «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағында 2021 жыл қаңтар айының 5-7 күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасы қорытындыланды. Шара аясында тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-де көзделген баптармен жалпы 71 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Яғни қоғамдық орындарды ластағаны үшін 21 адамға ӘҚБтК-нің 434-бабымен, алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын бұзғаны үшін екі адамға ӘҚБтК-нің 200-бабымен, қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін төрт адамға ӘҚБтК-нің 440-бабымен, жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген орындарды кесіп өткені үшін 13 адамға ӘҚБтК-нің 615-бабымен және өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін үш адамға ӘҚБтК-нің 492-бабымен әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Сонымен қатар сарыағаштық сақшылармен алдағы уақытта да аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау мақсатындағы жұмыстар жалғаса бермек.