Тараз тұрғыны полицейлерге өз міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс айтты
Тараз тұрғыны полицейлерге өз міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Instagram» әлеуметтік желісіндегі Жамбыл облысының ПД ресми парақшасына Тараз тұрғынының атынан полицейлерге алғыс хат келіп түсті.
Әйел Тараз қ.ПБ криминалдық полиция бөлімі криминалдық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі Бекбосын Еркебұланға жоғары кәсібилігі, жедел жұмысы, тілектестік қарым-қатынасы үшін шынайы алғысын білдіреді.
Әйелден құны 300 мың теңгеге жуық жаңа смартфон ұрланды, оны полицей қысқа мерзім ішінде тауып, иесіне қайтарды.
Жәбірленушінің қызы да полицейлерге жылы лебізін білдірді. Ол полицейлерге өз міндеттерін адал атқарғаны үшін үлкен алғыс білдірді, сондай-ақ барлық ұжымға жұмыстарына табыс пен амандық тіледі.