Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қабылдап-тарату орнына тұрғылықты жері жоқ 68 адам жеткізілді

Қаңтар айы басталғалы Петропавл қ. қабылдап-тарату орнына тұрғылықты жері жоқ 68 адам жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты полицейлер тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды анықтау бойынша рейдтерді күшейтті. Үйсіздерді қабылдап-тарату орнына жеткізіп, барлық есептер мен базалар бойынша тексереді, кешке түнеу орнына жөнелтеді.

Полицейлер көп жағдайда үйсіздерді вокзал маңы мен қала орталығында анықтайды. Кәріз құдықтары мен жылу трассаларының маңында аяздан жан сауғалаған қаңғыбастар топ-топпен жиналады. Полицияның рейдтік тобы бірден бірнеше міндет орындауда: қылмыс пен құқық бұзушылықтарды ескертіп, аталған санаттағы адамдардың үсімеуін қадағалайды.

Петропавл қ. Полиция басқармасы қабылдап-тарату орнының бастығы Адай Смайылдың айтуынша, рейдтік топ күн сайын сағат 16:00-ден түн жарымға дейін жұмыс істейді. Мақсаты – тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту. Полицейлер үйсіздерге қатысты барлық шақыртуларға барады және оларды бөлімшеге жеткізеді. Жыл басынан қабылдап-тарату орнына тұрғылықты жері жоқ 68 адам жеткізілді, олардың ішіндегі төртеуі судьяның санкциясы бойынша орналастырылды. Өткен жылдың 12 айында полицейлер үйсіздерді қабылдап-тарату орнына 2656 рет жеткізген. Олардың ішінен сегіз іздеудегі, екі із-түссіз жоғалған адам анықталды.

Полицейлер тұрғылықты жері жоқ тұлғалар туралы қабылдап-тарату орнына 52-92-99 телефоны бойынша немесе “102” арнасы арқылы хабарлауға болатыны туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру